Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі Шилі жалпы білім беретін мектебі» КММ туралы ақпарат

Шилі ЖББМ КММ- білімнің шамшырағы іспетті қасиетті орда.

Біздің мақсатымыз- жас ұрпаққа терең білім беріп қана қоймай,оларды адамгершілікке,ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Мектепте оқушылар ғылыми негіздерін меңгеріп қана қоймай,өз қабілеттерін дамытып,шығармашылықпен айналысады.Оқушылар республикалық,облыстық, аудандық жарыстарға,ғылыми жобаларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болып тұрады, жоғары нәтижелер көрсетуге білікті педагогтар тәрбиелейді. Мектепте оқу кабинеттері, жайлы асхана, екі спорт залы,спорт алаңы, интерактивті тақтасы бар кабинеттер- информатика ,биология ,тарих кабинеттері және жаңа  модификацияланған физика кабинеті бар,интернетке шығу мүмкіндігі бар.Сонымен қатар мектепте төрт әдістемелік бірлестік жұмыс істейді.Мектепте әртүрлі үйірме,секциялар да жұмыс істейді.

Шилі ЖББМ КММ -ауылдың мәдени- рухани орталығы,болашаққа жол ашатын,ел ертеңін тәрбиелейтін білім ордасы.