Жаңалықтар / «Тамақтануды ұйымдастыру» туралы

Мектепте оқушылардың дұрыс және сапалы тамақтануын ұйымдастыру — білім беру ұйымының негізгі әлеуметтік міндеттерінің бірі. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтану оқушылардың денсаулығын нығайтуға, оқу үлгерімін арттыруға және олардың белсенді дамуына оң әсер етеді.
2025–2026 оқу жылында мектепте оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыстары санитарлық-гигиеналық талаптарға және нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуде.
Мектепте білім алатын 1–4 сыныптағы 17 оқушы және 5–11 сыныптағы 16 оқушы, барлығы 33 оқушы оқуға қамту қоры есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Тамақтандыру күн сайын бір реттік ыстық ас түрінде беріледі. Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы, калориялық құрамы, жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы назарға алынған.
Мәзір балалардың бойы мен дамуына қажетті витаминдерге, белок-көмірсу-май теңгеріміне сай жасалған. Таза көкөністер, ет өнімдері, сүт тағамдары тағамдар күнделікті беріледі. Мектепте оқушылардың тамақтануын бақылау мақсатында мониторинг және бракераждық комиссия құрылған.
Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медбике, ата-аналар комитеті өкілі бар. Мектеп медбикесі күн сайын дайын тағамның сапасын, иісін, дәмін, температуралық талапқа сәйкестігін тексеріп, «Бракераж журналына» белгі енгізеді. Оқушылардың ас ішетін орындары санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Ас блокта санитарлық тазалық, ыдыстардың жуылуы, тоңазытқыштағы өнімдердің сақталу мерзімі, Aспазшының санитарлық формада болуы тұрақты бақыланады. Тамақтану үдерісі мектеп медбикесінің және жауапты тұлғалардың қатысуымен қадағаланады.
Жалпы мектепте тегін ыстық тамақтандыру жұмысы ұйымдасқан түрде, сапалы және жүйелі жүргізілуде. Оқушылардың денсаулығын, тамақ сапасын бақылау жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.